Өскемен
ясно
+18°
  • Өскемен
    +18°
  • Алматы
    +24°
  • Астана
    +23°
  • Ақтөбе
    +12°
  • Актау
    +15°
  • Орал
    +12°
  • Қарағанды
    +22°
  • Көкшетау
    +19°
  • Қостанай
    +10°
  • Қызылорда
    +22°
  • Павлодар
    +20°
  • Петропавловск
    +19°
  • Тараз
    +25°
  • Туркестан
    +4°
  • Шымкент
    +20°
$
439.43
473.31
¥
60.98
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Назерке Кәрімова
Ақпарат көзі:
Алдаспан

1 наурыз - Алғыс айту күні

ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні - 1 наурызды елімізде Алғыс айту күні деп жариялап, № 173 Жарлыққа қол қойған болатын

"Бұл күн қайырымдылықтың, достықтың, татуластықтың және барша қазақстандықтардың бір-біріне деген сүйінспеншілігінің жарқын мерекесі болып табылады" деп Ұлт көшбасшысы оны жыл сайын 1 наурызда атап өтуді ұсынған еді. Осыған орай, Алғыс айту күнін атап өту мақсатында Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаменті және Дін мәселелерін зерттеу орталығымен бірлесе отырып, ОВ-156/2 мекемесінде мерекелік іс-шара өтті.

- Мерекелік іс-шараға Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаменті ОВ-156/2 мекеме бастығы әділет майоры А. Мязов және Дін мәселелерін зерттеу орталығының қызметкерлері Н. Мұратханова, Р. Ахметов, Е. Құрманғалиев, Н. Сейлханова құттықтау сөздерін сөйлеп, сотталғандарға ізгі тілектерін білдірді, - ШҚО бойынша ҚАЖД ОВ-156/2 мекеме ТОЖҰ тобының аға инпекторы, әділет капитаны Жанат Озихан. - Сонымен қатар, ШҚО Дін мәселелерін зерттеу орталығының ұйымдастыруымен Қ. Майжаров, З. Дюсупова, А. Қалымбек, Б. Қадырханова, Е. Қанат сияқты өнер майталмандары мекемеге арнайы келіп, өз өнерлерімен жиналған қауымды ән айтып, би билеп қуантты.

Аға инспектор осы аталған Алғыс айту мерекесі көрерменге Қазақстан қоғамының құндылықтарын дәріптеу, адамдардың бір-бірімен қарым-қатынастарын жақсарту, адмагершілік, рухани жан байлығы мәселелерін және діни фанатизмнің қауіптілігін алдын алуға бағытталғандығын атап өтті.

Следующая →