Құқық бұзғандар болған жоқ
"Құқықтық тәртіп" атты республикалық профилактикалық іс-шарасы өткізілді
- ШҚО бойынша ҚАЖД Жарма аудандық №1 пробация қызметі 2019 жылдың ақпан айының 28-і мен наурыз айының 6-сы аралығында "Құқықтық тәртіп" атты республикалық профилактикалық іс-шарасы өткізілді, - дейді ШҚО бойынша ҚАЖД Жарма аудандық №1 ПҚБ бастығы, әділет капитаны Ардақ Ансабаев. - Жарма ПБ-мен бірлесіп, пробация қызметі есебіндегі қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жаза түріне сотталғандар тарапынан жасалынатын қайталама қылмыстар мен құқықбұзушылықтардың алдын алу мақсатында есепте тұрған сотталғандарды тұрғылықты мекенжайлары бойынша түнгі уақыттарда тексеріліп, профилактикалық әңгімелер жүргізілді.
"Құқықтық тәртіп" атты республикалық профилактикалық іс шарасын өткізу барысында жаза өтеу шарттарын бұзған сотталғандар анықталған жоқ.