ШҚО тұрғындары "Нұрлы жер" бағдаралмасы арқылы алған пәтерлеріне көңілі толмайды
Бұл жайлы облыстық "Нұр Отан" партиясы филиалының комиссия отырысында айтылды
"Нұрлы жер" бағдарламасы іске қосылғаннан бері екі жылдың ішінде 200 мың отбасы баспаналы болған екен. Бұл бағдарламамен қалада үй алуға кезекте тұрған азаматтар да баспана ала алады. Алайда несиемен пәтер алғандардың көбі баспаналарына көңілі толмайды екен.
- "Нұрлы жер" бағдарламасымен салынып жатқан үйлердің жағдайын білу мақсатында аудандардан ақпараттар жинадық. Көптеген кемшіліктер табылды. Мәселен, Көкпекті ауданында салынып жатқан үй қазір тоқтап тұр, өйткені мердігермен аудан әкімшілігі соттасып жатыр. Ал Шемонайха ауданында салынып жатқан үйдің құрылысында кемшіліктер табылғандықтан, ол да тоқтап тұр, - дейді "ШҚО Талдау және болжау институты" ЖШС директоры Олег Чернышов.
Өскемен мен Риддер қалаларында салынып жатқан үйлердің де күйі осындай. Салынған үйлердің сапасы нашар, тұруға қауіпті. Кіреберіс есіктер жабылмайды, пәтердің ішін саңырауқұлақ басып кеткен.
Мұндай кемшілікке қарамастан, баспаналар әлі де салынып жатыр. Былтыр "Нұрлы жер" бағдаралмасымен 22,7 млрд теңге жұмсалған.