Өскемен
облачно
-4°
  • Өскемен
    -4°
  • Алматы
    +7°
  • Астана
    -13°
  • Ақтөбе
    -6°
  • Актау
    +5°
  • Орал
    -3°
  • Қарағанды
    -2°
  • Көкшетау
    -16°
  • Қостанай
    -11°
  • Қызылорда
    +5°
  • Павлодар
    -14°
  • Петропавловск
    -16°
  • Тараз
    +10°
  • Туркестан
    -3°
  • Шымкент
    +9°
$
511.22
-1.78
540.05
-1.11
¥
70.61
-0.14
4.73
+0.04
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО
Жанар Асылханова
Жанар Асылханова
Ақпарат көзі:
Устинка

Өскеменде кәмелетке толмаған қызды іздестіруде

15 жастағы Мөлдір Батырхан 9 наурыз күні кешке үйден шығып кеткелі, оны ешкім көрмеген

Мөлдірдің туыстары оны қайдан іздеу керектігін де болжай алмай отыр, деп хабарлайды Устинка LIVE.

- Ол құрыларымен кездесемін деп ата-анасынан сұранып кеткен. Бірақ, содан кейін оны ешкім көрмеген. Сіңілімнің жоғалып кеткендігі туралы хабарды бір күткеннен кейін полицияға хабарладық, - дейді Мөлдір Батырханның апайы.

Сонымен қатар Мөлдірдің апайының айтуынша, ол осымен екінші рет үйден кетіп отыр. Жаз мезгілінде ол алғаш рет ата-анасымен ұрсысып қалған кезде өгей әкесінің үйінен кетіп қалған. Алайда, көп ұзамай байланысқа шығып, өзінің қайда екендігін хабарлаған. Бірақ, осы жолы іздестіру жұмыстары нәтижие бермей отыр. Дананың пайымдауынша, ол Мөлдірдің барлық құрбыларына, сыныптастарына хабарласып шыққан.

- Өткен кезде: "уайымдама, мен мына құрбыларыммен жүрмін" деп жазған болатын. Олардың байланыс нөмірлерін берген болатын. Ал осы жолы ешқандай хабар жоқ. Мен бұл күндері атынан әлеуметтік желіге кіріп, күттім. Біреу хабарласып немесе инстаграмға жазып қалады ма деп ойладым. Алайда, әзірге хабар жоқ, - дейді Мөлдірдің апайы.

Мөлдір жоғалған күні үстіне сұр күртеше, болон кеудеше, көк джинсы, аяғында ақ кроссовка киген болатын. Қазіргі уақытта Мөлдірдің қайда екендігін білетіндер немесе оны көргендерді 87056666721 нөмірлері арқылы хабарласуларыңызды сұраймыз.

Следующая →