Өскемен
пасмурно
+19°
  • Өскемен
    +19°
  • Алматы
    +20°
  • Астана
    +15°
  • Ақтөбе
    +8°
  • Актау
    +17°
  • Орал
    +12°
  • Қарағанды
    +17°
  • Көкшетау
    +11°
  • Қостанай
    +7°
  • Қызылорда
    +26°
  • Павлодар
    +15°
  • Петропавловск
    +10°
  • Тараз
    +20°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +20°
$
441.66
-2.48
475.14
-1.91
¥
61
-0.34
4.86
+0.01
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО
Ақпарат көзі:
Устинка

ШҚО полицейлері жеке құрамның әйелдерін құттықтады

Шығыс Қазақстан облысының Полиция департаментінде өткен салтанатты жиында нәзік жанды қызметкерлердің еңбегін атап өтті

Іс-шара басында ҚР Ішкі істер министрі полиция генерал - майоры Ерлан Тұрғымбаевтың атынан қызметтік міндеттерін атқару барысында өмірінен айырылған полиция старшинасы Ерболат Көшембаевтың зайыбы Бақытгүл Көшембаева, сондай-ақ қызметтік міндеттерін атқару кезінде қылмыскердің қолынан қаза тапқан аға лейтенант Ринат Исаевтың қызы Исаева Дианаға көктем мерекесімен құттықтау айтылып, естелік сыйлықтар табысталды.

Сондай-ақ, ҚР ІІМ бұйрығымен полиция подполковнигі Лариса Воробьева "Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін" медалімен марапатталды, полиция майоры Бақытжан Ахметова мен полиция майоры Алимана Бейсекеева "Ішкі істер органдарының үздігі" бірінші дәрежелі төсбелгісімен, ал полиция майоры Дина Увашева мен полиция капитаны Мадина Батхолдина ІІ дәрежелі "Ішкі істер органдарының үздігі" төсбелгілерімен марапатталды.

Бұдан басқа полиция қызметкерлеріне Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Құрмет грамоталары мен алғыс хаттары табыс етілді.

Бүгінгі таңда Шығыс Қазақстан облысында 800-ге жуық әйел ішкі істер органдарында қызмет етуде. Олар қосымша қызметтерден бастап жедел-тергеу қызметіне дейін, сержант шенінен полиция полковнигіне дейін, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге, қылмыстық қылмыстарды ашу мен тергеуге үлкен үлес қосып, полицияның барлық бөлімшелерінде іс жүзінде қызмет етеді.

Аталған мамандықты таңдаған барлық әйелдерге деген құрмет белгісі ретінде ШҚО Полиция департаменті бөлімшелерінің басшылары арнайы бейнеқұттықтау дайындады.



Следующая →