Белгісіз біреу қатерлі ісікке шалдыққан әйелдерді мерекемен құттықтап кетті
8 наурыз мерекесі қарсаңында, өзін таныстырмауын өтінген белгісіз ер адам ШҚО Онкология мен хирургия орталығында жатқан әйелдерді құттықтады
Бұл азаматтың онкологиялық ауруханада жатқан әйелдерді осымен екінші жыл құттықтап отыр екен. Көбі тосырқап қалғаны рас, алайда гүл мен мандаринді қуана қолына, қуанып қалды.
- Күтпедім! Қандай тамаша, бізді де құттықтап, бізді де ескеретін жандар бар, - дейді науқас Ольга Запорожец.
Ер азаматтың бұл бастамасын аурухана қызметкерлері де қолдап кетті.
- Қаламызда қайырымды жандар көп деген сөз. Біреудің қайғысын бөлісуге дайын азаматтар да бар деген ойға келдім, - дейді орталық директоры Гүлмира Сағидуллина.