Өрт ішінде ер адам мерт болды
4 наурыз күні таңғы 4-тер шамасында "Металлург-3" саяжай бірлестігі аумағындағы үйде өрт шығып, ер адам қаза болды
Өрт сөндіру қызметін шақыртқан көрші келіншек құтқарушылар жеткенше жанып жатқан үй ішінен 5 жастағы бала мен әйелді алып шыққан.
Денелерін әр түрлі күйік шалған үй тұрғындары ауруханаға жеткізілді.
Жалын бүкіл үйді шарпып кеткен. Сондықтан да қосымша цистерна алдыруға тура келген.
Үй ішінен ер адамның денесі табылып, қазіргі уақытта оның кім екені анықталуда.
Өрттің шығуына өрт қауіпсіздік шараларын сақтамау немесе абайсыздық себеп болуы мүмкін.
Анықталғандай, өрт сөндірушілер бұл үйге бұған дейін келіп, өрт қауіпсіздік ережелерін сақтау туралы нұсқаулық жүргізген. Алайда үй тұрғындары мамандардың сөзіне құлақ аспаған көрінеді.