Өскемен тасқын суға дайын
Қаладағы арықтар аршылып, өзен арналары ашылды
Қазір тек Меновное кентіндегі арықтарды тереңдеп қазу жұмыстары ғана қалды.
- Шешек бастауының арнасын Сәтпаев даңғылына дейін аршып тазалап қойдық. Красин кентіндегі арықтар да тазаланып, су бұрылатын жерлері аршылды. Шмелев логу кенті мен Абай даңғылы бойындағы арықтар да тазаланып тұр, - дейді Өскемен қаласы әкімінің аға инспекторы Қаныш Мұқажанов.
Согра кентіндегі өзен арнасы да, Скалистый көшесіндегі арықтың арнасы экскаватормен тереңдетілген.
Айта кету керек, былтыр Өскемен қаласы әкімдігі су тасқынынан зардап шеккендерге 60 млн теңге өтемақы төлеген болатын. Биыл да мұндай шығынға душар болмас үшін әкімдік бар күшін салып жатыр.