Мас жүргізуші жол апатына түсіп қашып кеткен
Күршім ауданының тұрғыны ішімдік ішіп рөлге отырып, алда кетіп бара жатқан көлікті соғып кеткен
Марқакөл ауылының тұрғыны орталық көшелердің бірімен келе жатып, алдағы көлікке соғылып қалған. Мәселені бейбіт жолмен шешуді қалаған жүргізуші келген шығынды төлеймін деп уәде беріп, көлігіне отырып кетіп қалған. Алайда сол беті хабарласпай кеткен.
Кейін зардап шегуші полицияға жүгініп, тәртіп сақшылары оны сот залына жеткізді.
Ал Күршім аудандық соты ер адамды екі бап бойынша айыптап, алты жыл бас бостандығынан айыру жазасына кескен.