Өскемен
Қалың бұлтты
-24°
  • Өскемен
    -24°
  • Семей
    -21°
  • Алматы
    -10°
  • Риддер
    -20°
  • Астана
    -25°
  • Ақтөбе
    -9°
  • Ақтау
    +1°
  • Атырау
  • Қарағанды
    -23°
  • Көкшетау
    -28°
  • Қостанай
    -20°
  • Қызылорда
    -11°
  • Павлодар
    -28°
  • Петропавловск
    -28°
  • Тараз
    -8°
  • Түркістан
    +1°
  • Орал
    -8°
  • Шымкент
    -2°
$
497.56
-4.19
586.92
-5.04
¥
72.55
-0.80
6.44
-0.08
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Олеся Краскова
Ақпарат көзі:
Устинка

Өскемен Тәртіп кәсіпорны жекешелендіріледі

Коммуналды қызмет кәсіпорнын жекеге беру ісі былтыр басталған екен

Енді шілде айына дейін кәсіпорынның жартылай бөлігі жеке кәсіпкердің қолына өтетін болады. Ел үкіметінің 2016-2020 жылдарға арналған жекешелендіру қаулысының орай, Өскемен Тәртіп те мемлекет меншілігінен босатылып, жекешелендірілмек.

- Мемлекеттік коммуналды кәсіпорындарды жекешелендіру көптен бері қолданылып келе жатқан тәжірибе. Яғни, кәсіпорынның жеке кәсіп үшін қолдануға жарамды бөлігі жекенің қолына өтуі тиіс, - дейді Өскемен қалалық әкімдігі.

Бұл жағдай тек жұмысшыларға ғана ауыр болып отыр.

- Кәсіпорынды жабу туралы шешім былтыр шыққан. Бірақ әлі жұмыстан босаған ешкім жоқ. Жұмыстан шыққан қызметкерлерге өтемақы төленіп, Жұмыспен қамту орталығына есепке алынады, - дейді Өскемен Тәртіп баспасөз хатшысы Владимир Землянский.

Ал Өскемен әкімдігі жұмыстан босаған қызметкерлер қайта дайындалып, жұмысқа қабылданатындығын айтады.

- Қала жолдарын күтіп-баптаумен айналысатын кәсіпорындардың бірі Өскемен Тәртіптен босаған жұмысшылардың барлығын жұмысқа қабылдаймын деп отыр, - дейді қала әкімдігі.

Өскемен Тәртіпті кім сатып алатындығы әлі белгісіз. Қазір байқау шараларын ұйымдастырылып жатыр. "Тәртіпке" кім ие болғанын байқау аяқталған соң ғана біле аламыз.


Следующая →
Біздің Telegram арнамыздағы ең маңызды нәрселер
Тақырыптар: Ликвидация предприятия ГКП "Өскемен Тәртіп"