Өскемендегі Защита көпірі жөнделеді
Жоспар бойынша, көпір биыл жазда жөнделуі тиіс
Защита ауданының тұрғындары көпірдің үстімен жүруге қорқатындығын айтып жүргеніне біраз уақыт болды.
- Көлік көпірмен өтіп бара жатқанда, дірілдеп құлап кететіндей әсерде боласың. Плиткалары құлап, тесік-шұрық болып жатыр, - дейді аудан тұрғыны Людмила.
Сондықтан тұрғындар да амандығын ойлап, көпірдің үстімен емес, астымен, теміржолды кесіп жүруге мәжбүр.
- Ағымдағы жылдың жаз кезінде көпірдің жаяу жүргіншілер жүретін жеріне бетон құйылып жөнделеді. Одан бөлек, Өскемен қаласын дамытудың Бас жоспарына сәйкес, Защита көпірін кеңейту де жоспарланып отыр, - дейді Өскемен қалалық ТҮКШ бөлімі басшысының орынбасары Еркін Тұраров.
Айта кету керек, көпірдің үсті осыдан екі жыл бұрын жартылай жөнделген болатын.