Өскеменде көпбалалы отбасылардың үйлеріндегі өрттің алдын алуда
Өскеменде ағымдағы жыл басынан бастап 50 өрт оқиғасы орын алған, тілсіз жау 1 адамның өмірін жалмаса, тағы 2 адамға иіс тиіп көз жұмған
Күн сайын өрт сөндіруші мамандар жер үйлерді аралап, азаматтарға өрт қауіпсіздік ережелері туралы естеріне салуда.
Көпбалалы отбасылардың үйі анықталса, ақпарат дереу қалалық ТЖБ-ға беріледі де бұл отбасылар ерекше бақылауға алынады.
Демалыс күндері өрт сөндірушілердің қатарына инспекторлар да қосылып, алдын алу-түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.
Ең үлкен көмекті "Өрт сөндіруші" АҚ қызметкерлері көрсетуде. Өйткені мамандар демалыс күндері көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың үйіне барып, мұржаларын тазартып береді.
- Егер жылыту жүйесінің жұмысы дұрыс емес екенін байқасақ, қауіпті ескертеміз. Ары қарай не істеу керектігін азаматтардың өздері шешеді. Біз айыппұл салып, пешті жөндеуге күштей алмаймыз. Оның үстіне, бізді азаматтар үйлеріне кіргізе бермейді, - дейді Өскемен қалалық ТЖБ баспасөз хатшысы Марина Лискова.