Апта соңында Өскеменде екі өрт оқиғасы орын алды
Мамандар атап өткендей, азаматтар қарапайым өрт қауіпсіздік шараларын сақтай білсе, оқыс жағдайдың алдын алуға болар еді
Өскемендеге Захаренко көшесіндегі жер үйдің шатыры, ал Советская көшесіндегі жер үй алдындағы монша өртке оранған.
Екі жағдайда да өрт қауіпсіздік шараларын сақтамау және электр жүйелерін дұрыс пайдаланбау себеп болды.
Өскемен ТЖБ мамандары мәлімдегендей, кей жағдайда өрттің шығу себебін түбегейлі кесіп айту мүмкін емес. Өйткені оған бірнеше жағдай себеп болуы мүмкін. Оған бірнеше жыл бұрын дұрыс орнатылмаған электр желілері немесе оны дұрыс жөндемеу де себеп болуы мүмкін. Сонымен қатар, электр құрылғыларын пайдалану кезінде абайсыздық танытып, сақтық шараларын сақтамау да себеп болады.
Осы жағдайдардың барлығы бірігіп келіп, оқыс жағдайдың орын алуына соқтырады.