Даниал Ахметов Семей әуежайын Мұхтар Әуезовтің атымен атауды ұсынды
ШҚО әкімі тұрғындарға есеп беру кездесуінде бұл ұсынысты семейліктер қолдайтынына үмітті екенін айтты
Семей әуежайын қайта жөндеу үшін екі жыл уақытта бюджеттен 10,6 млрд теңге бөлінді. Барлық өзгерістерден кейін халықаралық стандарттарға сай жабдықталды, деп хабарлайды Устинка LIVE.
- Абай, Шәкәрім, Мұхтар сынды алыптар осы қасиетті жерде туды. Олардың әрбірінің есімі біз үшін қымбат, - деп атап өтті аймақ басшысы.
Бүгінде бюджеттен Өскеменнен Семей, Зайсанға, Үржарға және кері қарай, сондай-ақ Үржардан Алматыға және Астанағақатынайтын рейстерге субсидия бөлінуде.