Өскеменде трамвай жүргізушілері жетіспей жатыр
Жүргізушілер жетіспей жатқандықтан, №2 трамвай маршруты тоқтап қалды
Енді Трамвай паркі жүргізушілерді жұмысқа алу үшін оларды тегін оқытуды ойлап отыр.
- Жүргізушілерге арнайы дайындық керек. Сондықтан жүргізуші жетпей жатыр. Жұмыспен қамту орталығы мен білім беру мекемелерімен бірлесе отырып, жүргізушілер дайындаймыз, - дейді Өскемен Көлік компаниясының директоры Тимур Сағалиев.
Дегенмен көлік компаниясы түлектердің барлығына жұмыс бере ала ма, ол жағын айта қоймады. Есесіне, қазір күн сайын 16 вагонның жолға шығатынын айтты. Ал сенбі күні 14 вагон, жексенбі күні 12 вагон жолға шығады.