Семей қаласының еріктілері пайдалы акция бастады
Қаланы қауіпсіз ете түсу үшін Семейдегі еріктілер қала тұрғындары үшін ерекше акция жариялады
Lider.kz қозғалысының мүшелері көшеде ашық жатқан құдықтарды көрсе, суретке түсіріп, люк орналасқан аудан мекенжайын көрсете отырып, барлық әлеуметтік желілерге жариялауды ұсынды. Суреттерді әркім өз Instagram парақшасында #люкисемея хэштегімен жариялауға болады.
- Жақында Астанада оқушы осындай ашық жатқан құдыққа түсіп кеткен болатын. Біз осындай жағдайдың өз қаламызда да қайталанғанын қаламаймыз, - дейді Lider.kz еріктілер қозғалысының үйлестірушісі Евгения Павел. - Суреттерді алған бойда дереу әкімдікке хабарасып, олқылықтың орнын толтыруды сұраймыз.
Қазір еріктілер қозғалысының әлеуметтік желілерінде тұрғындар жіберген суреттер пайда бола бастады. Бұл деген халықтың ізгі бастамаға қолдау білдіргендерін айқындайды. Акция тұрақты түрде жүргізіліп тұрады деп жоспарлануда.