Өскемен ауласында тұрған көліктің төбесіне мұз құлады
Көліктің терезесі сынып, шанағы майысып қалды
Көктем келісімен төбесіне мұз бен қар құлап, көлік бұзылған жағдайлар көбейеді. Сондай оқиғаның бірі бүгін, Протозанов көшесінің ауласында болып, "Мазда" көлігінің сырт келбеті быт-шыт болды.
Жүргізушілер төбеден мұз құлайтындығын жиі ұмытып кетеді, ал пәтер иелері кооперативі салақтық танытып, мұз түсіру жұмыстарын жасамайды.
Мұндай жағдайда заңгерлер сотқа жүгініп, бүлінген көлік үшін өтемақы төлетіп алуға болатындығын айтады.