Өскемен полицейлері төбенің қарын күреп, ағаш жарды
Өскемен Полиция басқармасының қызметкерлері жалғыз тұрып жатқан зейнеткерлерге көмектесу үшін қайырымдылық акциясын ұйымдастырды
Бұл жолы өскемендік полицейлер Сол жақ жағалау ауданында тұрып жатқан еңбек ардагері Людмила Узарова мен Сограда тұратын Любовь Никифорованың үйіне барып қайтты. Қарияларға азық-түлік апарып, аулаларын күреп, отын бұтап берді.