Екі рет көлік жүргізу куәлігінен айырды
Бұрын куәлігінен айырылған Үржар ауданының тұрғыны мас күйінде жалған мемлекеттік нөмір тағылған көлік тізгіндеген
Құқық бұзған азаматты дереу тәртіп сақшылары тоқтатып, іс Үржар аудандық №2 сотына жіберілген.
- Сот қаулысы бойынша азамат ҚР ӘҚК 590-бабы 4-бөлігі бойынша әкімшілік тәртіп бұзғаны үшін кінәлі деп танылды, - деп хабарлады мекеменің баспасөз қызметі.
Әкімшілік жаза ретінде бір жылға көлік жүргізу куәлігінен айырылды. Сот қаулысы әлі заңды күшіне енген жоқ.