Өскемен
ясно
+20°
  • Өскемен
    +20°
  • Алматы
    +19°
  • Астана
    +23°
  • Ақтөбе
    +19°
  • Актау
    +17°
  • Орал
    +17°
  • Қарағанды
    +19°
  • Көкшетау
    +22°
  • Қостанай
    +20°
  • Қызылорда
    +22°
  • Павлодар
    +19°
  • Петропавловск
    +18°
  • Тараз
    +20°
  • Туркестан
    +15°
  • Шымкент
    +21°
$
443.44
480.51
¥
61.36
4.88
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Григорий Прыгов
Ақпарат көзі:
Устинка

Өскеменде 15 көшенің аты ауысады

Бүгін облыстық мәслихат депутаттары көше атауын ауыстыру туралы шешімге бір ауыздан келісім берді

Сонымен, Өскеменнен басқа Семей, Курчатов пен Риддер қалаларының да көшелері аты ауыстырылатын болды.

Өскеменде Ворошилов көшесі Шәкәрім даңғылы, Комсомол көшесі Жастар, Лениногорская көшесі – Теміржолшылар, Питерские Коммунары – Лев Толстой, Революционная – Қалихан Ысқақ, Орджоникидзе – Сағдат Нұрмағамбетов, Дзержинский – Әміре Қашаубаев, Киров – Антон Чехов, Октябрьская – Мұхамеджан Тынышпаев, Меновное кентіндегі Советская көшесі – Адольф Янушкевич, Крупская – Евгений Брусиловский, Головкова – Бейбітшілік, 30-шы Гвардиялық дивизия мен Виноградов көшелерінің қилысындағы Ізғұтты Айтықов көшесі – Асар, Советская – Александр Затаевич болып ауысады. "Жастар" саябағына Қасым Қайсеновтың есімі берілді.

Семейде Крупская көшесі Әзілхан Нұршайықов, Строительная – Тұрсынғазы Рахимов, Комсомольская – Жібек жолы, Кутузов – Ардагерлер, Колхозная – Берел, Социалистическая – Самал, Декабристов – Нұрсая деп өзгертіледі.

Риддерде 1-Стахановская көшесі енді "Бірлік" деп, Курчатовта Совхозная көшесі – Көктем, Пионерская – Достық, Комсомольская – Самал, Красноармейская – Бейбіт атом деп аталатын болды.

Следующая →