Өскемен
ясно
-11°
  • Өскемен
    -11°
  • Алматы
    +5°
  • Астана
    -10°
  • Ақтөбе
    -5°
  • Актау
    +9°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -13°
  • Қостанай
    -12°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -13°
  • Тараз
    +7°
  • Туркестан
    -6°
  • Шымкент
    +8°
$
499.51
+0.96
525.83
+1.55
¥
68.9
+0.14
4.62
-0.13
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Қымбат Слямбеков
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Семей-Қарауыл жолы жөнделіп бітеді

Биыл облыстың Семей-Қарауыл, Семей-Курчатов, Өскемен-Самар, Үлкен Нарын-Күршім, Бородулиха-Жезкент тас жолдары жөнделетін болады

Былтыр Семей-Қарауыл тас жолы толық жөнделіп бітпей қалған болатын, 130 шақырымдай жөнделіп, енді 30 шақырымнан астамы қалған еді. Облыстық жолаушылар тасымалы және автомобиль жолдары басқармасы бұл тас жол биыл толығымен аяқталады деп отыр.

- Келесі жылы Абай атамыздың 175 жылдығы ғой. Соған дейін бітіруіміз керек, - дейді басқарма басшысы Нұржан Жұмаділов.

Ал Семей мен Курчатов арасындағы тас жолдың тек 80 шақырымға жуығы ғана биыл жөнделмек. Бұл тас жолды Павлодарға қатынаған жүк көліктері тесік-шұрық қылып тастаған еді.

- Қазір жүк көліктері бұл жолмен жүрмейді. Жол жөнделіп біткен соң, жол инспекторларымен жүк көліктерін бақылау бойынша жұмыстар жасалатын болады, - дейді басқарма басшысы.

Ал бұл жол телімдерін жөндеуге барлығы 2,6 млрд теңгедей жұмсалмақ.

- Ірі жолдармен бірге аудандық маңызы бар кіреберіс жолдар да жөнделетін болады, - дейді Нұржан Сайлаубекұлы.


Следующая →