Семейде жоғалған зейнеткер ауруханадан табылды
Іздеу жарияланған ақпараттың жылдам таралуының арқасында жақындары Людмила Крысанованы тез тапты
Зейнеткердің жақындары мен LIDER.kz еріктілері іздеу жұмыстарын жүргізді. 68 жастағы зейнеткердің жоғалғандығы туралы ақпарат әлеуметтік желі арқылы жылдам тарап, әженің қайды екенін білетін куәгерлер табылды.
- Алексей есімді азамат қоңырау шалып, іздей жарияланған адамға ұқсас азаматшаны көргендігін айтты. Алекседің сөзінше, әжені жедел жәрдем алып кеткен, - деді еріктілер.
Шынымен де жедел жәрдем алып кеткен адам Людмила Крысанова болып шықты. Зейнеткердің жақындары әжені тауып, қырағы қала тұрғынына алғыстарын білдірді.