Семейде жылу таратушы кәсіпорнының қазандықтарының бірі істен шықты
Қалалық әкімдік апат орын алғаны және жақын арада үйлерде қайтадан жылу болатынын хабарлады
Бірнеше күн бойы Семей қаласының тұрғындары жылумен қамтамасыз ету сапасына қатысты шағымдануда, деп хабарлайды Устинка LIVE. Әкімдік пәтерлердегі температураның төмендеуі қазандықтардың біреуінің істен шыққандығына байланысты екендігін түсіндірді.
- Апат дереу қалпына келтірілді. Қазіргі уақытта қаланың жылу көздеріндегі барлық қазандықтар жұмыс жасауда, - деп хабарлайды әкімдіктің баспасөз қызметі.
Билік өкілдерінің айтуынша, қазіргі уақытта Семей қаласының жылу жүйесі дұрыс жұмыс жасайды және оның жағдайы қала әкімдігінің тұрақты бақылауында.