Өскеменде қоғамдық көліктерді жаңартпақ
Жаңартулар облыс орталығының автобустарына да, трамвайларына да қатысты болмақ
Бұл туралы Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар соңғы есеп беру кездесуінде мәлімдеді, деп хабарлайды Устинка LIVE.
- Биыл біз 85 жаңа автобус сатып алып, оны тасымалдаушылардың пайдалануына береміз, - деді әкім. - Сонымен қатар, МЖӘ шеңберінде қоғамдық көліктерді бақылау және төлеу үшін автоматтандырылған жүйелер енгізілетін болады.
Бұрын Жақсылық Мұқашұлы әкімдіктің трамвайларды реттеуге ниетті екенін мәлімдеген. Биыл қалада тағы 54 аялдамапавильондарын, соның ішінде алты "жылы аялдама" орнататылмақ. Айта кетейік, өткен жылы қалада 84 аялдама орнатылды.