Өскемен
ясно
+9°
  • Өскемен
    +9°
  • Алматы
    +10°
  • Астана
    +13°
  • Ақтөбе
    +19°
  • Актау
    +22°
  • Орал
    +21°
  • Қарағанды
    +9°
  • Көкшетау
    +14°
  • Қостанай
    +16°
  • Қызылорда
    +17°
  • Павлодар
    +11°
  • Петропавловск
    +15°
  • Тараз
    +8°
  • Туркестан
    +22°
  • Шымкент
    +11°
$
443.35
475.54
¥
61.18
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Екатерина Скударнова
Ақпарат көзі:
Устинка

Үш ер адам қаскөйдің әрекетінен баланы құтқарып қалды

Үржар ауданы Үржар ауылында мас ер адам сегіз жастағы қыз баланы зорламақ болды

Бірақ қырағы тұрғындар қаскөйдің бұл құйтырқы әрекетіне жол бермеді.

Бұл жағдай өткен жылдың қыркүйек айында орын алған. Түскі уақыт болса да, қаскөй кішкентай қыз баланы адам қарасы аз орынға апарып, жымысқы әрекетін іске асырмақ болған. Бірақ баланың жан айқайын естіген екі жігіт Архат пен Мерхат Жакмановтар жүгіріп келіп, қылмыскердің үстінен түскен.

Олардан қорқып қаша жөнелген қаскөйдің алдынан тағы бір үржарлық азамат Тоқтарғазы Қайрақпаев шыға келіп, жолын кескен.

ШҚО Қылмыстық істер бойынша мамандандырылған аймақаралық соты хабарлағандай, ауыл тұрғындарының қырағылығының арқасында бір баланың өмірі аман қалды. Енді батылдық танытқан азаматтарды марапат күтеді.

Ал қаршадай қызды зорламақ болған қылмыскер 15 жылға бас бостандығынан айырылды. Енді ол өмір бойына педагогикалық қызметпен айналысу мүмкіндігінен айырылды.

Следующая →