Өскемен
ясно
-11°
  • Өскемен
    -11°
  • Алматы
    +6°
  • Астана
    -10°
  • Ақтөбе
    -7°
  • Актау
    +7°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -6°
  • Көкшетау
    -13°
  • Қостанай
    -11°
  • Қызылорда
    +5°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -18°
  • Тараз
    +9°
  • Туркестан
    -7°
  • Шымкент
    +11°
$
513
+13.49
541.16
+15.33
¥
70.75
+1.85
4.69
+0.07
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Григорий Прыгов
Ақпарат көзі:
Устинка

Полиция қызметкерлері көлікпен қаққан адам көз жұмды

Өскеменде патрульдік көлік жүргізушісі көктайғақта көлікті дер кезінде тоқтата алмай, жолдан өтіп бара жатқан адамды қағып кеткен

ЖКО Стаханов көшесі мен Тәуелсіздік даңғылы қиылысында, "Телестудия" аялдамасына жақын маңда орын алды.

Егде жастағы әйел реттелетін жаяу жүргіншілер жолағымен жолдан өтіп бара жатқан. Сол уақытта Глубокое аудандық ПБ қызметтік көлігі қағып кеткен. Нәтижесінде түрлі жарақат алған азаматша ауруханаға жеткізілді, - деп мәлімдеді ШҚО ПД баспасөз қызметі.

Куәгерлер әлеуметтік желіге жүктеген бейнежазбада байқалғандай, полиция көлігі жоғары жылдамдықпен қозғалып келе жатқан. Тежегішін басса да, көктайғақта сырғып барып тоқтай алмай, адамды қаққан.

Ауруханаға жеткізілген азаматша алған жарақаттары салдарынан көз жұмған.

- ҚР ҚК 345-бабының 3-бөлігі бойынша тергеу жүріп жатыр. Іске қатысты барлық тергеу шаралары қолға алынып, бірнеше сараптамалық жұмыстар тағайындалған. Оның ішінде сот-автотехникалық сараптама да бар. Тергеу барысында жол-көлік оқиғасының мән-жайы толық тексерілетін болады, - деп мәлімдеді ШҚО ПД баспасөз қызметі.

Оқиғаның мән-жайы анықталып, кінәсі дәлелденсе, тәртіп сақшысы бірнеше жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Следующая →