Жедел жәрдем жеткенше көз жұмған
Өскемен қаласының тұрғынына өз танысы мас күйінде бірнеше жерден пышақ сұғып алады
ШҚО Қылмыстық істер бойынша мамандандырылған аймақаралық сотының мәліметтеріне сүйенсек, жедел жәрдем қызметі шақырту түскен уақыттан кейін 45 минут өткен соң жеткен.
- Қылмыс қорытындысын саралай келе, сот Жедел медициналық қызметтің бас дәрігеріне қатысты қайғылы оқиға орын алған 2018 жылғы қазанның 18-інен 19-ына қараған түні кезекшілікте болған жедел жәрдем бригадасы жіберген қателіктерді көрсетіп, қаулы шығарған, - деп мәлімдеді соттың баспасөз қызметі.
Естеріңізге сала кетсек, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі бекіткен жедел медициналық көмек көрсету ережелеріне сәйкес, жедел жәрдем диспетчерден хабар ала салған уақыттан бастап оқиға орнына дейін жеделдік санатына қарай 10 минутқа дейін жетуі керек.
Жалпы ШҚО Қылмыстық істер бойынша мамандандырылған аймақаралық сотының ақпараттарына сүйенсек, өткен жылы сот ҚР заңын бұзған мемлекеттік мекемелер, лауазымды тұлғалар, ұйымдар мен олардың басшыларына қатысты 30 жеке қаулы шығарған.