Газ балллоны жарыла жаздады
Сенбі күні Өскемен қаласындағы Волжская көшесіндегі жер үйде өрт шығып, бір отбасыны мүліксіз қалдырды
Өрт кешкі уақытта шығып, өрт сөндірушілер жеткенше от бүкіл үй ішіне жайылып үлгерген.
Тілсіз жау үйдің төбесі мен қабырғаның пластикалық бөліктерін жалмап, үй ішіндегі жиһаз бен еден де жана бастаған. ШҚО ТЖД баспасөз қызметі ұсынған ақпараттарға сүйенсек, жалпы өрт шалған аумақ ауданы 70 шаршы метр.
- Өртің шығуына байланысты екі нұсқа қарастырылуда: электрқұрылғыларын орналастыру және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздік талаптарын сақтамау немесе отты пайдалану кезіндегі абайсыздық. Өрттің шығуына кінәлілер мен келген шығын көлемі есептелуде, - деп мәлімдеді ШҚО ТЖБ баспасөз қызметі.
Абырой болғандай, мамандар өрт сөндіру барысында пәтерден газ баллонын дер кезінде алып шықты. Енді біраз болмағанда үйдің күлі көкке ұшқандай екен.
Жалпы, Төтенше жағдайлар бойынша басқарма ұсынған мәліметтер бойынша, демалыс күндері өрт қауіпсіздік техникаларын сақтамау салдарынан Өскеменде төрт өрт оқиғасы тіркелген.