ШҚО-да 50 көше мен демалыс орындарының аттары ауысуы мүмкін
Өскемен, Семей, Курчатов пен Риддер қалаларының көшелері ауысуы мүмкін
ШҚО Кәсіпкерлер палатасына облыстық мәслихат пен облыс әкімдігінің келісіп қабылдаған көше атауларын өзгерту туралы қаулысы келіп түсті.
Бұл тізімде 47 көше мен екі саябақтың атын өзгерту туралы ұсыныс жасалған.
- Сараптама, қорытынды, лицензия мен рұқсат алған кәсіпкерлердің барлығы аз ғана уақыттың ішінде әрі өз ақшасына құжаттарын өзгертіп үлгеруі тиіс, - дейді Кәсіпкерлер палатасының баспасөз хатшысы Жанар Асылханова.
Ал бұл құжаттарды кәсіпкерлер egov.kz Электронды үкімет порталынан ауыстырып ала алады.