Өскемен
малооблачно
+14°
  • Өскемен
    +14°
  • Алматы
    +19°
  • Астана
    +12°
  • Ақтөбе
    +14°
  • Актау
    +18°
  • Орал
    +17°
  • Қарағанды
    +14°
  • Көкшетау
    +10°
  • Қостанай
    +11°
  • Қызылорда
    +28°
  • Павлодар
    +8°
  • Петропавловск
    +10°
  • Тараз
    +19°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +20°
$
444.14
+0.77
477.05
+2.56
¥
61.34
+0.10
4.85
+0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Олеся Краскова
Ақпарат көзі:
Устинка

Алтай ауданына жаңа маңдайшалар қойыла бастады

Ауданға берілген жаңа атау ондағы бірқатар нысандардың да келбетін жаңартуда

28 желтоқсан күні ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев Зырян ауданын Алтай деп атау жарлығына қол қойған болатын. Енді, міне, аудандық әкімдің және жер қатынастыры бөлімінің ғимаратында жаңа атаумен жазылған маңдайшалар қойылды.

Әкімдіктің ғимараты енді тек жаңадан аталған қалада ғана емес, сонымен қатар, жаңа көшеде. Жаңа деуіміздің себебі, Алтай қаласында бірқатар көше атаулары да жаңартылды, соның ішінде аудандық әкімдік орналасқан Советская көшесіде бар. Енді бұл көше Тәуелсіздік деп аталады. Айта кетейік, ауданда барлығы 93 мемлекеттік ғимарат бар және әрбір мекеме мемлекеттік баж салығын төлеуге 0,5 АЕК жұмсамақ. Мамандар әрбір мемлекеттік органға маңдайшаларын ауыстыруы үшін жалпы сомасы 40 мың теңге қажет деп есептеді және бұл өзнеріс үшін бюджеттен 3,6 млн теңге қаржы бөлінжі.

- Бұл қаражат әр бір мемлекеттік мекеменің бюджетіне енгізілген, Ал автожолдардағы белгілер "ҚазАвтоЖол" компаниясының өкілдерімен өзгертіледі, - деп түсіндірді Алтай ауданы әкімінің орынбасары Сергей Охременко.

Ал жеке кәсіпорындарға атауын өзгерту қажет етпейді. Кәсіпорынның жарғылық капиталы 50% жеке болса да, атауды өзгерту қажет емес екен. Мысалы, "Зырян Тәртіп" коммуналдық кәсіпорны өзінің атауын сақтап қалады. Сондай-ақ, мамандар зейнетақы куәліктерін, туу туралы куәліктерін және мүліктік құжаттарын өзгертудің қажеті жоқ екенін түсіндіреді.

- Кәсіпорындардың нақты мекен-жайы өзгерген жағдайда ғана құжаттағы атау өзгереді, - деді Зырян ауданының Әділет басқармасының басшысы Мейірлен Қайратов.

Бірақ мемлекеттік сатып алуларға қатысқысы келетін кәсіпкерлер жарғылық құжаттарға өзгерістер енгізуі керек. Бұл Әділет департаментінде тегін жүргізіледі.

Бұл жағдайда тек лицензияланған өнімдерді сататын кәсіпкерлер ғана шығынға ұшырамақ.

Следующая →