Өскеменде екі баласы бар ана үйсіз қалды
Ново-Ульбинка ауылының тұрғынының үйі түгелдей өртеніп кетті
Үй өртенген күні жанұя ұйқыда жатқан. Ал оянған сәтте-ақ Наталья Рогожкина екі ұлын қолына алып, аулуға атқып шығуға ғана шамасы келген. Ал күйеуі өртенген үйден шыға алмады...
Үйі өртеніп кеткен әйелдің жағдайы жайлы ақпарат әлеуметтік желіде тарап кетті. Ал №18 орта мектептің директоры бұл ақпаратты растап отыр. Бұл мектепте қайғылы жағдайға душар болған жанұяның үлкен ұлы Андрей Рогожкин үшінші сынып оқиды.
- Үйден ештеңені де алып үлгермеген. Бар киімімен далаға шығып кеткен екен, - дейді мектеп директоры.
Сондықтан бұл жанұяға көмектің кез келгені керек боп жатыр. Ең алдымен, әрине, жылы киімдер. Анасы 46-48 өлшемді киім киеді, аяқ киімі 39-шы өлшем. Ұлы Андрей 42-ші өлшемді киім мен 36-шы өлшемді аяқ киім киеді. Ал екі жасқа енді толған бүлдіршінге 29-30-шы өлшемді киімдер керек.
Наталья Рогожкинаның телефон нөмірі: 8-705-135-69-99.