Семейде автобус жүріп бара жатып өртеніп кетті
Оқиға жұма күні болған
Еске сала кетейік, автобус Дулатов пен Елемесов көшелерінің қиылысында өртеніп кеткен болатын.
- Автобус жүргізушісі денсаулығы сыр берген кезде, жолаушылардың барлығын "Базар" аялдамасына түсіріп, өзі базаға жол тартқан. Сол кезде көліктің қозғалтқышы өртеніп, кейін жалын салонға да өтіп кеткен. Жүргізушінің өзі өрт сөндірмек болғанымен, одан ешнәрсе шықпаған, - дейді ШҚО ТЖД.
Ал құтқарушылар өртті 40 минут жүріп өшірген. Қазір өрт шығу себептері қарастырылуда.