ШҚО-да есірткіге қарсы күрес жалғасуда
Жақында ғана облыста есірткіні қолдануға қатысты екі сот отырысы өткен
Біріншісі – темір жол вокзалында қалтасынан марихуана табылып ұсталған семейлік тұрғын. Бұл ер адамға 15 айлық есептік көрсеткіш (36075 теңге) көлемінде айыппұл тағайындалған. Сонымен қатар Зардап шеккендер қорына 12025 теңге өтемақы аудару туралы шешім шығарылған.
Екіншісі Зырянда болған оқиға. Оның қалтасынан 1,98 грамм есірткі табылған. Оны сот 20 сағат қоғамдық жұмысқа тартуға үкім жасаған.