ШҚО-да бірнеше адамға қызылша жұққан
Бұл ауруды облыс тұрғындары Астана мен Алматыға барып келгенде жұқтырған екен
Қызылшаны Аягөз бен Бесқарағай ауданы мен Семей қаласының тұрғындары жұқтырған екен.
- Желтоқсан айының аяғында Астанадан оралған бесқарағайлық бала мен семейлік тұрғын қызылша жұқтырып қайтқан. Жыл басында Алматыда оқитын аягөздік студент те қызылша жұқтырып әкелген, - дейді ШҚО Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті басшысының орынбасары Гүлайым Тағаева.
Оның айтуынша, қызылшамен көбінесе екпе салынбаған балалар тез ауыратындығын айтады. Оның үстіне, қазір Қазақстанда миграция көп, сондықтан шеттен келген азаматтар қызылша жұқтырып әкелуі мүмкін.