Өскемен тұрғыны көлік ішіндегі заттарды ұрлаған
Қарақшы түнде белгісіз біреудің көлігін тонап, иесіне тиесілі қымбат заттарды қолды қылған
19 қаңтарда қала тұрғыны белгісіз бір адамның түнде өзінің ВАЗ-2109 жеке көлігіне кіргеніне шағымданып полицияғажүгінген, деп хабарлайды Устинка LIVE.
Өскемен қаласының ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, азаматтың автокөлігі ауласында болған. Көлік иесініңайтуынша, ұрлықшы кілттің көшірмесімен көлікке кірген.
Автокөлік иесі белгісіз тұлға көлік ішіне кіргеннен кейін, сақтандыру полисі, жеке куәлік және жүргізуші куәлігі жоғалып кеткен.
Сондай-ақ, банк және визит карталары және қалтасындағы 500 теңгеде жоғалып кеткен. Іздестіру нәтижесінде полиция бұрын сотталған 22 жастағы облыс орталығының тұрғынын ұстады. Қазіргі кезде құқық қорғау органдарының қызметкерлері ҚР ҚК-нің "Ұрлық" бөлімінің 188-бабында алдын ала тергеу жүргізуде.