Өскемен қаласының тұрғыны медаль, сорғы мен шаңсорғышты ұрлап кетті
Үйдегі заттардың жоғалғанын үй иесі қала сыртындағы саяжаға барғанда білген
Ұрлау фактісін дереу полицияға хабарлаған, деп хабарлайды Устинка LIVE.
Жәбірленуші саяжайға келгеннен кейін есікте тұрған құлыптың сынғанынбайқаған. Біреудің үйде болғанын түсініп, барлық заттардың бар-жоғын тексере бастады. Тұрғын үйдегі барлық заттардың қайда тұрғанын білетін ол су сорғысы мен шаңсорғыштың жоғалғанын, кейінірек отбасылық құндылыққа айналған кеңес дәуірінің медалі жоғалып кеткенін байқайды.
Полиция бірнеше күн өткен соң ұрлықшыны тапты. Ол 27 жастағы жұмыссыз Өскемен қаласының тұрғыны болып шықты.
- Ұсталғанға қатысты Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 188-бабы, 2-тармағына сәйкес, ұрлық бойынша алдын ала тергеу басталды, - деп түсіндірді Өскемен полициясының баспасөз қызметі.