Өскемен жүргізушісі жүргіншілер жолағымен өтіп бара жатқан баланы қағып кетті
Оқиға, шамамен, 11.30-да Тәуелсіздік даңғылында болған екен
- Daewoo Nexia көлігінің иесі Добролюбовь көшесінен шығып, даңғыл бойымен Бажов көшесіне қарай жүріп бара жатқан. "Аврора" аялдамасы маңында жаяу жүргіншілер жолағымен өтіп бара жатқан 2010 жылы туған оқушыны қағып кетті. Бала Ана мен бала орталығына жеткізілді, - дейді Өскемен ПБ баспасөз қызметі.
Видеода баланың біраз абдырап қалғаны байқалады. Ал маңына топталып жатқан тұрғындар балаға көмектесуге тырысуда.
Следующая →