ШҚО-да қыздың жоғалып кеткеніне бір апта болды
Жарма ауданының 30 жастағы тұрғыны 14 қаңтар күні үйден шығып кеткеннен қайтып оралмады
Қалбатау ауылының тұрғыны Айнұр Семсенова 14 қаңтар күні сағат 15.00 шамасында үйден жұмысқа шығып кеткен. Алайда қыз бала жұмысына сол беті бармаған екен.
Еріктілер хабарлағандай, Айнұр үстіне қара-көк түсті бас киім мен қара-көк түсті күрткі, қара аяқ киім киіп кеткен. Бойы 165-170 см. Келбетінде үлкен меңі бар.
Айнұрдың қайда екендігін білетін жандар болса, +7 747 349 57 17 нөміріне хабарласуға немесе 102 арнасына хабар беруге болады.