Неміс қызыл крест ұйымы ШҚО тұрғының еміне қаржы бөлді
Дәрігер зейнеткерге құны 125 мың теңге тұратын үш екпе жасату керектігін ұсынған
Ал ол қаржыны Неміс қызыл крест ұйымы жауып берген.
- Неміс қызыл крест ұйымы мен "Видергебурт" мәдени орталығына алғысымды білдіремін. Жазда көзім мүлдем көрмей қалды. Дәрігерлер екпе жасату қажеттігін айтты. Ал ол өте қымбат, - дейді зейнеткер Виктор Ульбрехт.
ШҚО Денсаулық сақтау басқармасы зейнеткерге тағайындалған екпенің тегін дәрі-дәрмектер қатарына енбейтінін жеткізді.
Кейін белгілі болғандай, неміс қайырымдылық ұйымы бұған дейін тұрғындарға көп қаржылай көмек көрсеткен екен.