Өскемен полицейлері жол апатына ұшырағандар үшін қан тапсырды
Бұл үшін Өскемен полиция департаментінің аумағына медициналық техникамен жабдықталған автобус аранайы келді
Тәртіп сақшылары "Донор болып, қаһарман атан!" акциясына орай қан тапсырады, деп хабарлайды Устинка LIVE.
- Акцияның басты мақсаты - жазатайым оқиғалардан зардап шеккендерге және басқа да төтенше жағдайларға байланысты ерікті қан тапсыру, - деп түсіндіреді Өскемен қаласының ПД баспасөз қызметі. - Полициядағы Донор күні 2011 жылы өткізіліп бастады. Содан бері бұл күн қызметкерлер үшін игі дәстүрге айналды.
Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығымен ынтымақтастық жылдарында мұндай шаралар 20 рет өткізілген. Бүгін 50-ден астам полиция қызметкері қан тапсырды.