Өскеменде жаңа әлеуметтік дүкен ашылды
Дос-Нар базарының City Centrе гипермаркеті жанында арзан бағамен көкөністер мен азық-түлік сататын әлеуметтік дүкен ашылды
Бұл Өскемен қаласында ашылып отырған 29-шы әлеуметтік бұрыш. Дүкендегі қант пен сүт, май мен көкөністердің бағасы базардан 15-20 пайыз арзан.
Мәселен, күріштің бір келісі 264-275 теңге болса, макарон өнімдерін 164 теңгеден, ұнды 84 теңгеден алуға болады.
- Біз дүкен иесімен азық-түлік бағасын 5-10 пайыздан ары асырмау туралы келісімге келдік. Егер азық-түліктің қымбаттағанын байқаған тұрғын болса, антимонополия агенттігіне жүгінсе болады, - дейді Өскемен қаласының кәсіпкерлік бөлімі басшысының орынбасары Олжас Құдайбергенов.
Алдағы уақытта тағы да осындай екі әлеуметтік дүкен ашу көзделген.