Өскемен
облачно
+24°
  • Өскемен
    +24°
  • Алматы
    +17°
  • Астана
    +9°
  • Ақтөбе
    +10°
  • Актау
    +15°
  • Орал
    +12°
  • Қарағанды
    +9°
  • Көкшетау
    +6°
  • Қостанай
    +5°
  • Қызылорда
    +16°
  • Павлодар
    +8°
  • Петропавловск
    +5°
  • Тараз
    +18°
  • Туркестан
    +9°
  • Шымкент
    +19°
$
441.66
475.14
¥
61
4.86
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Григорий Прыгов
Ақпарат көзі:
Устинка

Жүзден астам риддерлік қоныс тойын тойлауда

Көп күттірген пәтер кілттері, кезекте тұрған қала тұрғындарына жаңа жыл қарсаңында табысталды

Риддер қаласы әкімінің орынбасары Евгения Нужних және "Нұр Отан" партиясының жергілікті филиалының төрағасының орынбасары Надежда Климова кезекте тұрған 120 адамға пәтер кілтін тапсырды.

- Пәтер кілтін алғандар жетімдер және жалғызбасты аналар, - дейді құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің бас маманы Асхат Күзембаев. - Қазір адамдар біртіндеп бес қабатты үш падъезді үйлер көшіп жатыр. Енді осы учаскелерді дамыту жоспарлануда: спорттық-сауықтыру кешенін салу, стадион, саябақты қайта құру. Бұдан басқа, тағы бес жаңа үй салу жоспарланып отыр.

2017 жылдың қараша айында Островский көшесінде екі тұрғын үйдің құрылысы басталған болатын. Құрылыс- өткен жылдың желтоқсан айында жоспар бойынша аяқталды . Құрылысшы және бас мердігер "Шыгысстройиндустрия" ЖШС құрылыс компаниясы болды. Үйдің орналасқан жері жалпы алаңы екі гектардан асады. Жалпы алғанда, екі үйде 40 бір бөлмелі пәтер, 70 екі бөлмелі және 10 үш бөлмелі пәтер бар.

Өткен жылы Риддер қаласында тоғыз мыңнан астам шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді.

Следующая →