Өскемен
малооблачно
-13°
  • Өскемен
    -13°
  • Алматы
    +2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    +1°
  • Қарағанды
    -3°
  • Көкшетау
    -9°
  • Қостанай
    -7°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -3°
  • Туркестан
    +1°
  • Шымкент
    +3°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Екатерина Скударнова
Ақпарат көзі:
Устинка

ШҚО-да ер адам екі адамды аман алып қалды

15 қаңтарда Шемонаиха ауданының ішкі істер органдарының ардагері Василий Крячков қайғылы оқиғаның алдын алды

Бұрынғы полиция қызметкері әріптесі мен оның ұлын құтқарды, деп хабарлайды Устинка LIVE.

Василий Григорьевич 26 жыл бойы Шемонаиха РОВД-да жұмыс істеді, зейнетке шыққаннан кейін "Восток-АвтоТранс" автобус жүргізушісі ретінде жұмысқа орналасты. Шемонаиха ауданы әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, сол күні ол ауысымда болды: ол қызметкерлерді жеткізіп, шахтаға баруы керек болатын. Сол кезде оны ауыстыратын Мәуітқазымен бір мәселе жайында сөйлесуі керек деп,ұялы телефонымен нөмірін тереді. Сөйлескенде оның тілінің күрмелгенін байқайды. Бірден бір нәрсе дұрыс емес деп күдіктенді, себебі ол әріптесінен бұрын жаман әдеттер байқамаған еді. Сондықтан Василий оның үйіне баруды жөн санайды.

Есікті қаққан кезде, ашылып кетеді. Үйдің іші қатты түтін болған. Бөлмелердің бірінде Василий естүссіз жатқан Мәуітқазыны көреді. Мәуітқазының әйелі бірнеше жыл бұрын қайтыс болған еді. Сондықтан ол ұлымен бірге тұрады. Василий Григорьевич дереу жедел жәрдем шақырды және Мәуітқазының есін жидыруға тырысты. Одан ұлы туралы сұрағанда түсініксіз бірдеңелер айтты. Ол Саматты есігі жабық тұрған жатын бөлмеден тапты. Бала естүссіз жатты. Көп ұзамай медицина қызметкерлері келді.

Василий Крячковқа адамдарды құтқарғаны үшін естелік сыйлықтар мен дипломдар тапсырылды.

Следующая →