Өскемен тұрғыны "шығарылмаған" сүтті сатып алған
Бөтелкеге құйылған сүттің шығарылған күні... 2019 жылдың 17 қаңтары деп көрсетілген...
Ал қала тұрғыны оны одан бір-екі күн бұрын сатып алған. Бұған таңданған тұрғын сүттің суретін әлеуметтік желіге жариялап жіберді.
Ал желі қолданушылары болса, суретті қызу талқылап кетті. Кейбірі шығарылған өнімдердің сапасына күмән туғызып жатты.
Осыған байланысты редакция тілшілері кәсіпорын әкімшілігіне хабарласып, жағдайды біліп көруге тырысты.
- Бұл оператордың қателігі. Өнім шығарылатын күнді принтер өзі автоматты түрде қояды. Ал ол цифр комбинациясын дұрыс қоймаған. Сүттің қаптамасы түнде жасалған. Қателік кеткенін қаптама жасалып біткенде бір-ақ көрдік. Сондықтан қаптаманың сыртына 16.01.2019 деп емес, 17.01.2019 деп жазылып кеткен, - дейді "Восток-Молоко" ЖШС директоры Асқар Сайлаубаев.
Кәсіпорын басшысы өнімнің сапасына принтердің қателігі еш әсер етпейтігін тілге тиек етті.