Өскемен әкімі кәсіпкерлерді қар күреуге шақырды
Қала нысандарын аралап шыққан әкім Жақсылық Омар кәсіпкерлердің иелігіне тиіс аумақтардың қар басып жатқанын байқаған
Дүкендер мен кеңсе ғимараттарының алдын қар басып жатыр. Ал шын мәнінде, бұл аумақтарды коммерсанттардың өздері күреп тазалауы тиіс.
Қала басшысының ойынша, кәсіпкерлер де тұтынушыларына көңіл бөлуі керек. Одан бөлек, Жақсылық Омар коммерциялық мекемелердің алдындағы тұрақжайларға да назар салып, оны да кәсіп иелері тазалап тұруы қажет екендігін жеткізген. Өйткені кәсіпкерлер "бізге тұрақжай керек" деп өздері қала билігінен сұратып жасап алады да, кейін оған қарамай кетеді.
Сонымен қатар, кәсіпкерлер маңайдағы ауланы да абаттандырып, күтім жұмыстарына да бір уақыт көңілі бөлуі тиіс екен.