Өскеменде тұздалған банкілерді ұрлағандар ұсталды
6 қаңтар күні пәтерге пышақпен басып кірген ұры үй иесінен жүзік, сырт киім және ... тұздалған банкілерді алып кеткен
Ал пәтер иесі лезде полицияға хабарласып, мән-жайды баяндаған. Тәртіп сақшыларының ұрыны ұстауға көп уақыты кетпеген. Үш ұрының екеуін полицейлер ұстады. Енді біреуі бар.
- Қазір ұрылар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Үшіншісі іздестіріліп жатыр, - дейді ШҚО ПД баспасөз қызметі.
Кейін белгілі болғандай, күдіктінің бірі өздері тонаған пәтердің маңайында тұратын болып шықты. Ал екінші тонаған адаммен бір күн бұрын кездескен.
Біздің Telegram арнамыздағы ең маңызды нәрселер
Тақырыптар:
Ограбление в Усть-Каменогорске Правоохранительные органы ВКО 



