Өскемен
ясно
-18°
  • Өскемен
    -18°
  • Алматы
    -7°
  • Астана
    -9°
  • Ақтөбе
    -7°
  • Актау
    +3°
  • Орал
    -4°
  • Қарағанды
    -9°
  • Көкшетау
    -10°
  • Қостанай
    -10°
  • Қызылорда
    -6°
  • Павлодар
    -16°
  • Петропавловск
    -12°
  • Тараз
    -2°
  • Туркестан
    -6°
  • Шымкент
    +2°
$
515.25
+0.32
535.91
-0.13
¥
70.6
+0.05
5.18
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Евгения Чех
Ақпарат көзі:
Устинка

Отшашу балкон әйнегін сындырды

Мерекелік отшашуды ойланбай пайдаланғанның кесірінен көршілер қиын жағдайға тап болды

82 жастағы зейнеткер Любовь Петухова үшін биылғы жаңа жыл сынған әйнектермен есте қалды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

"Белгісіз ұшатын зат" 1 қаңтар күні сағат 00.15-те бесінші қабаттың балконынан ұшып шығады. Ал әжей басында не болғанын түсінбейді. Сөйтсе отшашу екен. Есту қабілеті нашар болғандықтан мерекелік отшашудың дыбысын естімеген ол, полицияға дер кезінде хабарлай алмаған. Бірнеше күн өткеннен кейін терезенің сынғанын байқайды. Көршілерден күдіктенуде.

- Телефонмен не болғанын айта аламын, бірақ жауапты ести алмаймын, - дейді біздің редакциямызға келіп шағымданған зейнеткер. - Мен тұрақты оқырмандарыңыз боламын, сіздердің "Зардап шеккен болсаңыз..." деген мақалаларыңызды оқыдым, полицияға хабарласу керек дедіңіздер. Маған көмектесулеріңізді сұраймын.

Любовь Петухованың жағдайы, өкінішке орай, жақсы емес. Оқиғаға кінәлі азамат іздестірілуде. Егер біз кінәліні тапсақ, Өскемен қаласының полиция бөлімі түсіндіргендей, құқық бұзушы Әкімшілік кодексінің 436-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылып. 20 ең төменгі есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл төлейді. Сынған әйнекті қалпына келтіреді.

Следующая →