Өскемен
пасмурно
+10°
  • Өскемен
    +10°
  • Алматы
    +16°
  • Астана
    +4°
  • Ақтөбе
    +14°
  • Актау
    +21°
  • Орал
    +18°
  • Қарағанды
    +14°
  • Көкшетау
    +6°
  • Қостанай
    +10°
  • Қызылорда
    +25°
  • Павлодар
    +7°
  • Петропавловск
    +7°
  • Тараз
    +16°
  • Туркестан
    +12°
  • Шымкент
    +18°
$
442.05
+0.61
474.14
+1.05
¥
61.07
+0.11
4.74
-0.01
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Анна Коцарева
Ақпарат көзі:
Устинка

Өскемен қалалық білім бөлімінің басшысы ауыстырылды

Бөлім бастығы болып Шығыс Қазақстан облысының тумасы, 30 жылдық тәжірибесі бар оқытушы Жанат Айтпаева тағайындалды

Кадрлық өзгеріс бүгін орын алды, деп хабарлады Устинка LIVE тілшісі. Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар қалалық білім беру мекемелерінің басшыларымен кездесу барысында Жанат Айтпаеваны білім бөлімінің жаңа басшысы етіп таныстырды.

Жанат Жеңісбекқызы Шығыс Қазақстан облысының тумасы. Жоғары педагогикалық білім алып, педагогикалық ғылымдардың кандидаты атанған соң, тоқтап қалмай, магистратураны экономика және бизнес мамандығы бойынша бітірді.

Жанат Айтпаева қызметтік жолын 1987 жылы Маркакөл ауданындағы Алексеевка кентінде кішігірім мектепте мұғалім болып бастады. Бұдан кейін ол Өскемен қаласының №40 орта мектебінде жұмыс істеді. Біраз уақыт бойы ол ТжКБ мекемелерінде сабақ берді.

Сегіз жыл бұрын Жанат Жеңісбекқызы Шығыс Қазақстан облыстық ғылыми-практикалық "Дарын" орталығының директоры болды.

Енді жаңа басшының күн тәртібінде бірінші болып балабақшалардың санын арттыру, орта білім беру сапасын жақсарту және білім беру мекемелерін салу, жөндеу жұмыстары тұр.

Следующая →