Өскеменде ескерту жүйесі тексеріледі
8 қаңтарда таңертеңгі сағат 09.00-ден бастап облыстық орталықта электрсиренасын іске қосып, теле-радиоарналардағы ескерту жүйесіне жоспарлы тексеруді жүргізеді
Құтқарушылардың айтуынша, қауіпті немесе төтенше жағдайлар болған кезде халықтың назарын аудару үшін электр сиреналардың дыбысы тексеріледі, деп хабарлады Устинка LIVE.
- Егер сіз жұмыста, қоғамдық жерде, көшеде болсаңыз және сиренаның дыбысын естіген болсаңыз, 104.0 жиілігінде "Қазақ радиосына" қосып, хабарды тыңдаңыз. Ал үйде болған кезде дыбыс естілсе, жергілікті телеарналарды қосып, ақпаратты мұқият тыңдаңыз, - деп ескертеді Өскемен төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.