Өскеменде тағы бір жаяу жүргіншілер белгісі алынып тасталды
Бүгін Ішкі істер департаментіне алдындағы Ворошилев көшесіндегі жаяу жүргіншілер жолы алынып тасталды
Қала билігі бұған дейін "Темірлан" сауда үйі алдындағы жаяу жүргіншілер белгісін алып тастаған болатын. Ал тәртіп сақшылары бұл жаяу жүргіншілер жолын алып тасталуы заңға сай нәрсе екендігін хабарлаған еді.
Полицейлердің бұл жауабына қанағаттанбаған қала тұрғындары Ворошилов көшесіндегі үш жерде қатар орналасқан жаяу жүргіншілер жолын мысалға келтіреді. Ал бүгін полицейлер болса, Ворошилов көшесіндегі жаяу жүргіншілер белгісін де алып тастады, ал Абай даңғылына сол беті белгі қоймай қойды.
- Ворошилов көшесінің Үлбі көпірінен Абай даңғылымен қиысылына дейінгі жол телімінде үш бірдей жаяу жүргіншілер белгісі қойылған. Оның бірі қала әкімі Жақсылық Омардың тапсырмасымен алынып тасталды. Өйткені бір жаяу жүргіншілер жолағы мен екінші жаяу жүргіншілер жолағы арасындағы арақашықтық 200 метрден аз болатын, - деді Өскемен қалалық әкімдігі.
Ал полицейлер екі жаяу жүргіншілер жолағының арасы, кем дегенде, 250 метрден аз болмау керектігін алға тартады.